АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сонымен қатар ол әлемде дизель отынының бағасының өсуі Таяу Шығыстағы жағдаймен емес, Украинадағы қақтығыспен байланысты деп санайды.

Қыркүйек айында АҚШ-та дизель отынының орташа бағасы алғаш рет галлонына 6 доллардан асты. 2026 жылдың 28 ақпанында ол 3,75 долларды құраған болатын.