АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина қақтығысты тоқтату туралы келісімге келуге жақындады деп санайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей делегациясы 10-11 қараша күндері Әбу-Дабиде өтетін Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөзге қатысатынын хабарлаған болатын.
«Менің ойымша, екі тарап та: „Келісімге келейік“, – деп айтуға жақын», – деді Дональд Трамп Financial Times басылымына берген сұхбатында.
Басылымның хабарлауынша, Трамп Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздің ілгерілеп жатқанына оң баға беріп отыр.
