АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің АҚШ пен әлемдік нарыққа шұғыл түрде 300 мың тонна дизель отынын, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін 1 миллион тонна жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтып, келіссөзді "өте сәтті" деп бағалаған еді.

"Путинмен сөйлесу барысында Ресей АҚШ пен әлемдік нарыққа дереу 300 мың тоннадан астам дизель отынын, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін бірден 1 миллион тонна жеткізетіні келісілді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін АҚШ президенті жанармай бағасының өсуіне Ормуз бұғазындағы жағдай емес, Киевтің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған соққылары мен АҚШ-тың бірқатар штатындағы мұнай өңдеу зауыттарының жабылуы себеп болғанын айтқан еді.

АҚШ Қаржы министрлігі Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Ресейден дизель отынын жеткізуге мүмкіндік беретін лицензияны шұғыл түрде беретінін хабарлады.