АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс аяқталған кезде Ресей президенті Владимир Путинмен жаңа саммит өткізуге үміттенетінін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп тілшілерге берген сұхбатында: "Мен Путинмен тап қазір кездесе алатыныма сенімдімін. Мен қақтығыс аяқталған кезде кездескім келеді және біз солай істейміз деп ойлаймын", - деді.
АҚШ президенті Владимир Путинмен де, Владимир Зеленскиймен де арада тұрақты диалог бар екенін айтты. "Мен екеуімен де, яғни Путин мен де, Зеленскиймен де жұмыс істеп жатырмын және олар мұны Украинадағы қақтығысты тоқтатады деп ойлаймын", - деді Трамп.
Дональд Трамп АҚШ Ресеймен, Украинамен, барлық елмен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін, себебі бұл бизнес үшін пайдалы болатынын айтты.
