АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің ықтимал үшжақты келіссөзі міндетті түрде бетпе-бет өтуге тиіс емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар кездесуді қалайды, сондықтан көре жатармыз. Бәлкім, мұны ұйымдастыра алатын шығармыз. Мұны міндетті түрде бетпе-бет кездесу форматында өткізудің қажеті жоқ, басқа жолдармен де жүзеге асыруға болады. Бірақ бұл жақын арада болады деп ойлаймын», — деді Трамп журналистерге.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу арқылы мүмкіндігінше тезірек тоқтатуға мүдделі екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол Мәскеудің келіссөзге дайын екенін атап өткен.