Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен бір сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуден кейін Ақ үйден кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

NewsNation журналисі Либби Дин өзінің жеке парақшасында: "Зеленский президент Дональд Трамппен бір сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуден кейін Ақ үйден кетті", - деп жазды.

Ақ үй әлі келіссөздер туралы түсініктеме берген жоқ. АҚШ президентінің әкімшілігі бұған дейін Трамптың Зеленскиймен кездесуінде Украинадағы бейбітшілікті реттеу талқылауды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Ақ үй АҚШ қақтығысты тоқтату уақыты келді деп санайды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Сенатының барлық 100 мүшесі америкалық көшбасшы мен Зеленскийдің кездесуіне шақырылған.