АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің тосқауылдаушы зымырандар жеткізу туралы өтінішіне түсініктеме бере отырып, бұл қару Америка Құрама Штаттарына да қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп сондай-ақ экс-президент Джо Байденнің әкімшілігі Киевке қару-жарақтың орасан зор көлемін бергенін еске салды. "Біз Украинаға орасан көп көлемде оқ-дәрі бердік. Байденнің адамдары оны мүлдем тегін берді... Байден оған өте көп берді — Байден 300 миллиард доллар көлемінде оқ-дәрі жеткізді", — деді Трамп журналистерге.
АҚШ басшысы сондай-ақ Штаттарға қару-жарақ қорын толықтыру қажет екенін айтты. Сонымен бірге ол бұл арсенал Вашингтонға "басқа мақсаттар" үшін қажет болуы мүмкін екенін атап өтті.
