АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО саммитінде Испаниямен сауда қатынастарын үзуді бұйырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың бұл шешімі НАТО-ның әскери шығындарды бөлу мәселесіне қатысты даулар аясында қабылданды. АҚШ президенті бұған дейін де одақтастарды қорғаныс шығындарын арттыруға шақырып келген болатын. Испания әзірге бұл шешімге ресми түрде жауап берген жоқ.