АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеу мен Киевтің Украинадағы қақтығыстың аяқталуын қалайтынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп радиожүргізуші Гленн Бекке берген сұхбатында: "Біз қақтығысты аяқтау үшін қарқынды жұмыс істеп жатырмыз және шынын айтқанда, қазіргі кезеңде екі тарап та оның аяқталғанын қалайды", - деді.

Америка басшысы АҚШ-тың да Украинадағы қақтығыстың аяқталуын қалайтынын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі халықаралық келіссөздер аясында жасалды. Трамптың пікірінше, екі тарап та бейбіт шешімге дайын.