АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің Starlink байланысы бар дрондарды Ресей аумағына соққы жасау үшін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішін мақұлдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Financial Times өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Зеленский Трамптан Илон Маскпен Украинаға Starlink-ті өз шекарасынан тыс жерде пайдалануға рұқсат алу мәселесін талқылауды сұрағанын хабарлады. Алайда Ақ үйде өткен кездесуге қатысқандардың айтуынша, Трамп бұл ұсынысқа нақты жауап бермеген және оны қолдамаған сыңай танытқан.

Тамыз айының басында The Atlantic журналы да SpaceX компаниясы басшысының спутниктік технологияларды осындай мақсаттарда пайдалануға құлықсыз екенін хабарлаған. Миллиардер қақтығыстың одан әрі ушығып кетуінен қауіптенеді.