АҚШ президенті Дональд Трамп келесі президенттік сайлауға қатысуға ниетті екенін әзілмен жеткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Real America's Voice арнасына берген сұхбатында Трамп: «Келесі президент супергений болып көрінеді, өйткені зауыттар ашылады, жұмыс орындары пайда болады, ел қалпына келтіріледі, ал бұл еңбегі оған тиесілі болады», — деп өз қалауын түсіндірді.
Трамптың президенттік мерзімі 2029 жылдың қаңтарында аяқталады — сол кезде ол 82 жаста болады. Алайда, американдық заңнамаға сәйкес, президенттік қызметті тек екі рет атқаруға болады, сондықтан Трамптың қайта сайлануы мүмкін емес.
Бұған дейін «Курсив» Трамптың АҚШ-та тағы да әлем чемпионатын өткізгісі келетінін, бірақ Канада мен Мексикасыз екенін жазған болатын.
