АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қақтығыста дереу бітімге келу мүмкіндігін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, екі тарап та бітімге келуге ниетті. Бұл мәлімдеме аймақтағы шиеленістің ушығуы аясында жасалды. Нақты келіссөздердің мәліметтері әзірге жарияланбады.
