АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздерді «жақсы» деп атап, егер Тегеран ядролық келісімге келмесе, нысаналарға соққы беру қаупін қайталады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың мәлімдемесі Иранның ядролық бағдарламасы бойынша шиеленіс кезінде жасалды. АҚШ президенті келіссөздердің барысына қанағаттанғанын білдірді, бірақ Иран тарапынан нақты кепілдіктер болмаса, әскери әрекетке дайын екенін ескертті.
