АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келісімге келу немесе «жұмысты аяқтау» қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың бұл мәлімдемесі Иран ядролық бағдарламасына қатысты шиеленістің артуы аясында жасалды. Ол АҚШ-тың Иранмен келісімге келуге дайын екенін, бірақ қажет болған жағдайда әскери күш қолдануға дайын екенін атап өтті.