АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.

«Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді», - деді Трамп.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын да сынға алды.

«Олар - өтірікшілер. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар», - деді ол.

8 шілде күні таңертен Американың қарулы күштері Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясына соққы жасады. Жергілікті қауіпсіздік бөлімнің басшылығы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды.

АҚШ Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шабуылға Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге жасаған соққылары себеп болды.

Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз кезегінде Американың Кувейт пен Бахрейнде орналасқан нысандарына соққы жасады.

Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың екі жақты түсіністік туралы меморандумды бұзғанын мәлімдеді.

WSJ мәліметіне сәйкес, АҚШ келіссөздерді жалғастыруға мүдделі.