АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын әскери соққылардың «негізгі толқыны» әлі алда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

««Америка әскері Иранға «қуатты соққылар» жасап жатыр, бірақ шабуылдың негізгі толқыны әлі басталған жоқ», – деді Дональд Трамп CNN арнасына берген сұхбатында.»

Оның айтуынша, Иранның Бахрейн, Иордания, Кувейт, Катар және БАӘ сияқты араб елдеріне жауап ретінде соққы беруі күтпеген жағдай болған. Трамп Тегеранмен келіссөздердің сәтсіз аяқталғанын, оған Иранның уранды байытуды тоқтатудан бас тартуы себеп болғанын атап өтті.

Сонымен қатар АҚШ Президенті New York Post басылымына қажет болса, Иранға құрлық әскерін кіргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Бұған дейін ол операция шамамен төрт аптаға созылуы мүмкін екенін болжаған.

Бұған дейін Ақ үй АҚШ-тың Иранға қарсы операциясының нақты мақсаттарын жариялаған болатын. Олар:

▪️ Иранның зымырандарын және оларды өндіретін кәсіпорындарды жою;

▪️ Иранның әскери-теңіз флотын толықтай істен шығару;

▪️ Аймақтағы Иран қолдайтын қарулы топтардан төнетін қауіпті жою;

▪️ Сол топтардың «мыңдаған адамның өлімі мен жаралануына себеп болған» қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды өндіруін тоқтату;

▪️ Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу.