АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қатысты кезекті мәлімдемесін жасап, бір түнде тұтас өркениеттің жойылатынын ескертті, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
««Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады, оны енді ешқашан қалпына келтіре алмайсың. Мен мұның болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын секілді. Алайда қазір бізде режим толық ауысты, басқа, ақылдырақ әрі радикалды емес адамдар билікке келгенде, бәлкім, революциялық керемет нәрсе болуы мүмкін, кім білсін? Мұны біз бүгін түнде, әлемнің ұзақ әрі күрделі тарихындағы маңызды сәттердің бірінде білетін боламыз», – деді Трамп.»
—
Ол «47 жылға созылған бопсалау, жемқорлық пен өлімнің» дәурені жақында аяқталатынын да қосты.
Бұған дейін Дональд Трамп егер Тегеран келісімге келмесе немесе Ормуз бұғазын ашпаса, АҚШ Иранның электр станцияларына, көпірлеріне және басқа да маңызды нысандарына соққы беруі мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен. Тіпті елді «бір түнде жойып жіберетінін» айтып, «тозақ» орнатуға уәде берген.
