АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық тексерулерге келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың айтуынша, Иран өзінің ядролық нысандарын халықаралық инспекторларға ашуға келіскен. Алайда Тегеран бұл мәлімдемені жоққа шығарып, ешқандай келісімге қол қойылмағанын айтты.

Бұл мәселе АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің артуы аясында көтеріліп отыр. Трап әкімшілігі Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге бағытталған қатаң санкцияларды қолданып келеді.