АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғысқа қатысты Қытай мен Ресейдің бейтарап ұстанымын жоғары бағалап, алғыс білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путинге олардың Ирандағы қақтығыста бейтарап қалуы үшін алғыс айтты. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы кезінде жасалды. Трамптың айтуынша, бұл елдердің бейтараптығы жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге көмектесті.
