АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның билігінде үлкен дағдарыс басталғанын айтып, ел басшылығының кім екені белгісіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазір ирандықтар кімге бағынарын білмей, дал болып отыр.
««Олардың атынан кім сөйлеп жатқанын өздері де түсінбейді. Тіпті көшбасшысы кім екенін де білмейді», – деді Трамп.»
—
Сонымен қатар Трамп Америка Құрама Штаттары «Иранның бірнеше деңгейдегі басшыларының көзін жойғанын» және Әли Хаменеидің айналасындағы ықпалды тұлғаларға соққы бергенін ашық меңзеді.
««Енді оларға ешкім көмектескісі келмейді. Себебі олар бұрынғыдай үрей тудырмайды және Таяу Шығыстың «басты қатері» болудан қалды», – деп қосты АҚШ Президенті.»
—
The New York Times басылымының жазуынша, Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болуы мүмкін Моджтаба Хаменеи бірнеше ауыр отадан өткен. Басылым деректеріне сәйкес, оның бір аяғына үш рет операция жасалып, протез қажет болуы ықтимал. Сондай-ақ бір қолы да отадан кейін енді қалпына келіп жатыр, ал беті мен ерні қатты күйіп, сөйлеуі қиындаған.
Басылым бірнеше дереккөзге сілтеме жасай отырып, Хаменеидің шешім қабылдау құзыретін «уақытша» Ислам революциясы сақшылары корпусының генералдарына жүктегенін хабарлады.
