АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығын «жынды адамдар» деп атап, Тегеран ұсынған бітім жоспарын ресми түрде қабылдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Олар жынды. Бұған еш күмән жоқ. Бұл өте жынды адамдар. Мен оларға мұны үнемі айтып жүрмін. Мен: „Сендер жындысыңдар, балалар“, — деймін», — деді Трамп.
Америка көшбасшысы Иран билігіне қатысты қатаң риториканы тұрақты түрде қолданады.
Бұған дейін «Курсив» Трамптың Иранның жеті күндік бітім ұсынысын қабылдамағанын жазған болатын.
