АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің (ФРС) негізгі ставкасын 1%-ға немесе одан төмен деңгейге түсіруді талап етіп, американдық орталық банктің монетарлық саясатты қатаңдату туралы шешімін кескілеп сынады. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл мәлімдеме 2026 жылғы 16 қыркүйекте ФРС базалық ставканы бірауыздан көтергеннен кейін бірден жасалды.
Трамп реттеушінің шешімін «адекватты емес» деп атап, АҚШ үшін пайыздық ставкаларды тезірек төмендетуге шақырды. Трамп АҚШ-та әлемдегі ең төмен пайыздық ставка болуы керек деп сенеді. Оның пікірінше, қатаң шарттар ұсына отырып, АҚШ басқа мемлекеттерді «арқалап жүр» және оларды байытады. Қысым ретінде президент тіпті АҚШ-пен сауда тапшылығы бар елдермен сауданы тоқтатуға қауіп төндірді.
Реттеушінің мүлдем басқа басымдықтары бар. Ашық нарық комитеті (FOMC) жылдық инфляцияның жоғарылауына байланысты саясатты қатаңдатуға барды, ол тамызда 3,4% деңгейінде тіркелді. ФРС-тің 2026 жылға арналған инфляция болжамы 3,7% құрайды. Федрезервтің мақсаты — баға өсімі қарқынын 2% мақсатты көрсеткішке қайтару, сондықтан комитет мүшелерінің көпшілігі жыл соңына дейін ставканы тағы бір көтеруді (4%–4,25% деңгейіне дейін) болжайды, оны төмендетуді емес.
Шетелдік БАҚ жазғандай, АҚШ ФРС-і Ақ үйден заңнамалық тәуелсіздікке ие, сондықтан оның төрағасы Уорш шешімдерді президенттің талаптарына емес, тек макроэкономикалық көрсеткіштерге (еңбек нарығы мен инфляция) сүйене отырып қабылдайды.
Егер ФРС Трамптың талабын орындап, қазіргі 3,4% инфляция кезінде ставканы 1%-ға түсірсе, бұл бағаның бақылаусыз өсуіне әкелуі мүмкін еді.
Бұған дейін «Курсив» 16 қыркүйек қарсаңында ФРС негізгі ставканы үш жылда алғаш рет 25 базистік пунктке көтеріп, 3,75–4% диапазонына жеткізгенін жазған болатын. Реттеуші бұл қадамға жоғары инфляцияның сақталуы және мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі аясында барды.
Жыл соңына дейін тағы бір көтеру күтілуде.
