АҚШ президенті Дональд Трамп Францияның цифрлық қызметтерге салынатын салығына жауап ретінде француз шарабына 100% тариф енгізуді ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың бұл қадамы G7 саммиті қарсаңында жасалды. NY Post басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Францияның американдық технологиялық компанияларға салынатын салығына наразылық білдіріп, осындай қатаң шара қолдануға дайын екенін білдірген.