АҚШ президенті Дональд Трамп елде дәрі-дәрмек өндірісіне қажетті заттар қорын жасау қажеттігін айтып, «ешкім АҚШ-қа шабуыл жасамайды, өйткені олар ақылды» деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың айтуынша, АҚШ-та медикаменттер өндірісіне қажетті шикізат қоры болуы тиіс. Бұл «төтенше жағдайлар, соның ішінде соғыстар және басқа да оқиғалар» кезінде қажет болуы мүмкін.
«Бірақ ешкім бізге шабуыл жасамайды. Неге екенін білесіз бе? Өйткені олар ақылды», — деді Трамп.
Сонымен қатар, АҚШ президенті өз әкімшілігінің елдегі дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдағанын хабарлады.
Бұған дейін «Курсив» Трамптың Венесуэла мұнайының барлығын дерлік АҚШ бақылауына алғанын жазған болатын.
