АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақтың Вашингтоннан сатып алған қару-жарақты, соның ішінде жауынгерлік ұшақтарды өз бетінше басқара алатынын және оларды Украинаға беруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамп сұхбатында: "Біз оқ-дәрілерді сатамыз, біз жауынгерлік ұшақтарды Еуропалық Одаққа сатамыз және олар өздері қалаған нәрсені жасайды, мысалы Украинаға тапсырады", - деді.

АҚШ президенті АҚШ қазір Еуропа елдеріне қару-жарақ жеткізіп жатқанын және оларды пайдалану мен Украинаға беру туралы шешім еуропалық тараптың құзырында екенін атап өтті.

Бұл мәлімдеме Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы аясында жасалды. Еске салайық, бұған дейін "Еуроүштік" елдері Украина үшін қару-жарақты бірлесіп өндіруге ниет білдірген болатын.