АҚШ президенті Дональд Трамп Демократиялық партия Конгреске аралық сайлауда жеңіске жеткен жағдайда импичмент қаупі туралы мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
RSBN ақпараттық агенттігінің мәліметінше, Трамп республикашылдарды дауыс беру кезінде барынша белсенділік танытуға шақырды.
«Егер біз жеңбесек, олар маған импичмент жариялайды», — деді Трамп Ақ үйде.
Ол сондай-ақ республикашылдарды оның есімі сайлау бюллетеньдерінде бар сияқты әрекет етуге шақырды. Трамптың пікірінше, ол сайлауға қатысқан кезде адамдар дауыс беруге белсендірек келеді.
АҚШ Өкілдер палатасына сайлау 3 қарашада өтеді.
Бұған дейін «Курсив» Трамптың жасанды интеллектіні «суперинтеллект» деп өзгерткенін жазған болатын.
