АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Даллес халықаралық әуежайын қайта құруға $22 миллиардтық жоспарды жарияламақ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоспар әуежайдың инфрақұрылымын жаңғыртуды, терминалдарды кеңейтуді және қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтиды. Дереккөздердің айтуынша, бұл бастама Трамптың инфрақұрылымды дамыту жөніндегі кең ауқымды саясатының бір бөлігі болып табылады.
