АҚШ президенті Дональд Трамп цифрлық қызметтерге салық салатын кез келген елге 100% кедендік баж салуды ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың мұндай қадамы халықаралық саудадағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін. Цифрлық қызметтерге салынатын салық көптеген елдерде, әсіресе Еуропада, АҚШ-тың ірі технологиялық компанияларына қарсы қолданылады.