АҚШ президенті Дональд Трамп CNN, MS NOW және Politico басылымдарының журналистеріне Ақ үйге кіруге тыйым салды. Ол бұл бұқаралық ақпарат құралдарын американдық әкімшіліктің жұмысы туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп өз шешімін жұма күні жариялады. АҚШ президентінің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары ол жалған деп санайтын материалдарды жарияламауы керек.
«БАҚ АҚШ президентінің, Трамп әкімшілігінің немесе Америка Құрама Штаттарының қызметін жариялаған кезде үнемі ЖАЛҒАН мен ӨТІРІК жазуға немесе хабарлауға мүмкіндігі болмауы керек. Басқа жалған БАҚ та оның үлгісіне еруі керек», — деп жазды Трамп.
Америка көшбасшысының шешіміне АҚШ Конституциясының сөз және баспасөз бостандығына кепілдік беретін Бірінші түзетуіне қайшы келеді деп сотта дау ашуы мүмкін.
CNN, MS NOW, Politico және Ұлттық пресс-клуб президенттің мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.
Трамп бұған дейін де телеарналар мен басқа да БАҚ-ты оның әкімшілігі туралы жарияланымдары үшін сынаған. Ол телеарналарды оны мазақтайтын немесе сынға алатын жаңалықтар мен юмористикалық бағдарламаларды эфирден алуға бірнеше рет шақырған. Сонымен қатар, президент Федералдық коммуникация комиссиясына осындай контент шығаратын телеарналардың лицензиясын алуды ұсынған.
Бұған дейін Трамп әкімшілігі Associated Press журналистерінің президенттің іс-шараларына қатысуын шектеген. Себебі агенттіктің Мексика шығанағының орнына мемлекет басшысы американдық мемлекеттік ведомстволар үшін енгізген «Америка шығанағы» атауын пайдаланудан бас тартуы болды.
