АҚШ президенті Дональд Трамп британиялық Financial Times газетіне берген сұхбатында Вашингтон Украинадағы қақтығысты тоқтатуды қалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қарапайым тілмен айтқанда, біз Украинадағы соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Біз бейбітшілікті қалаймыз», – деді ол.
Бұл мәлімдеме Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Ақ үйдегі кездесуінен кейін екі күн өткен соң жасалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Зеленский АҚШ әкімшілігінің басшысы Киевке Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған оқ-дәрі өндіру технологияларын беруге келіскенін айтқан болатын.
