АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың басталуына бұрынғы президент Джо Байденнің Ресейге қатысты ұстанымы да себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Білесіздер ме, бұл соғыс ішінара Байденнің Ресей мен басқа елдерді үнемі келемеждеп, өзі не істеп жатқанын мүлде түсінбеуінен басталды. Егер президент мен болғанда, соғыс болмас еді», – деді Трамп Gray Media телекомпаниясына берген сұхбатында.

Бұған дейін Трамп Байденнің Украинаға жүздеген миллиард доллар жұмсағанын, алайда АҚШ-тың Киевке көмек көрсетуге міндетті болмағанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар Трамп Ресей Украинаға қарағанда бейбіт келісімге келуге көбірек мүдделі екенін айтқан болатын.