АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары Иранмен қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамптың бұл мәлімдемесі екі ел арасындағы шиеленістің ықтимал бәсеңдеуіне жол ашады. Келіссөздердің нақты мазмұны мен деңгейі әзірге белгісіз.
