АҚШ президенті Дональд Трамп американдық әскери күштердің Трен де Арагуа қылмыстық тобының көшбасшысына соққы жасағанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың мәлімдемесінде соққының нақты уақыты мен орны көрсетілмеген, бірақ ол операцияның сәтті өткенін атап өтті. Трен де Арагуа — Венесуэлада пайда болған, бірақ бүкіл Оңтүстік Америка мен АҚШ-қа тараған қатал қылмыстық топ. Топ адам ұрлау, бопсалау және есірткі саудасымен айналысады.

АҚШ әкімшілігі бұған дейін де Трен де Арагуаға қарсы санкциялар мен қылмыстық іс қозғау шараларын қолданған болатын. Соңғы соққы АҚШ-тың шетелдік қылмыстық топтарға қарсы күресіндегі маңызды қадам болып табылады.