Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдап, ел экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Президент корпорацияны Қазақстанның орнықты дамуындағы маңызды серіктес санайтынын айтып, экономиканың түрлі салаларындағы өзара ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.
«Бен Блэктің айтуынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді.»
—
Сондай-ақ кездесуде аймақтық сауда үшін стратегиялық маңызы бар тау-кен өнеркәсібі мен көлік-транзит инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобалардың зор мүмкіндіктері сөз болды.
