Фото: © Aaron Schwartz — Pool via CNP
АҚШ президенті Дональд Трамп кедендік баж салығынан түскен қаражат есебінен ел азаматтарына 2000 доллардан төлеуге уәде берді, деп жазады qazaqyia.kz/
Трамптың айтуынша, АҚШ қазір баж салығынан триллиондаған доллар табыс тауып отыр, ал жақын уақытта 37 триллион доллар көлеміндегі мемлекеттік қарызды өтеу процесін бастайды.
««Кедендік баждарға қарсы шыққандар – ақымақтар. Біз – әлемдегі ең бай және ең құрметті елміз. Инфляция нөлге жуық, қор нарығындағы акция бағасы рекордтық деңгейге жетті. АҚШ-қа бұрын-соңды болмаған көлемде инвестициялар келіп жатыр, ел бойынша зауыттар мен фабрикалар көбеюде», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.»
—
Айта кетейік, биыл сәуір айында Ақ үй басшысы бірқатар мемлекетке қатысты жаңа кедендік тарифтер енгізілетінін жариялады.