Трамп әкімшілігі New York Times газетінің журналистеріне Air Force One туралы мақалаға байланысты сот шақыру қағазын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шақыру қағазы Air Force One ұшағына қатысты жарияланған мақалаға қатысты тергеу аясында жіберілген. New York Times газеті бұл әрекетті баспасөз бостандығына қысым ретінде бағалап, сотқа шағым түсіруге ниетті.