Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, үкіметтің және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұған дейін, 20 қазан күні сағат 20:21-де Тоқаевтың 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтыны туралы ақпарат тараған болатын.
