Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті. Жиырма екі адам жеңіл жарақат алып, 39 адам орташа жарақат алған және бес адамның жарақаты ауыр. Тағы 20 адамның қандай деңгейде жарақат алғаны әлі анықталған жоқ.
