Қасым-Жомарт Тоқаев учаскелік дәрігерлердің жалақысын еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі Жолдауда президент жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажеттігін жеткізді.

«Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар бүгін президент елдегі ең төменгі жалақы көлемін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды.