Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты. Жеделхатта: "Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – делінген.
Еске салайық, Венесуэлада қатарынан екі жойқын жер сілкінісі болып, оның бірінің магнитудасы 7,2, екіншісінікі 7,5-ті құрады. Содан кейін тағы 30 жер дүмпулері болды. Жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 235 адамға жетіп, 4,3 мың адам жарақат алған. Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, іздеу-құтқару және қирандыларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.
