Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде президент министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

"Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.