Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Бұған дейін Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөз жүргізетінін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ Қазақстан президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
