Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Саммит "Түркі ғасыры: Тілдегі, ойдағы және істегі бірлік" ұранымен өтеді.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы түркітілдес елдер арасындағы саясат, экономика, ғылым, білім беру, көлік және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында құрылған.

2021 жылға дейін ұйым Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі немесе Түркі кеңесі ретінде белгілі болды.

Тұрақты ынтымақтастық кеңесінің мүшелері — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан (2019 жылдан бастап), ал Венгрия, Түрікменстан, Солтүстік Кипр және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) бақылаушылар болып табылады.

Ұйымның ресми саммиттері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.