Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған болатынбыз.
