Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.
Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Айта кетері, бүгін Дональд Трамп 80 жасқа толып отыр.
