Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы посткеңестік кеңістікте жаппай қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Алматы декларациясы — бетбұрысты кезең

Мемлекет басшысы ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толғанын атап өтіп, 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясын мемлекеттер тарихындағы бетбұрысты кезең деп атады.

«ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күрделі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпалдастықтың мүлдем жаңа форматын құрдық», – деді Тоқаев.

Жаһандық сын-қатерлер

Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жаһандық экономикалық байланыстар әлсіреп, технологиялық бәсеке күшейіп, белсіздік артып келеді. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделерін ескеретін сенімді диалог пен ортақ шешімдер қажет.

Тоқаев ТМД-ның басты құндылығы халықтар арасындағы достық, ортақ мәдениет пен рухани мұра екенін атап өтті.

Алматыда халықаралық конференция

Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай қараша айында Алматыда халықаралық конференция өтетінін хабарлады. Ол ТМД елдерінің ғалымдарын, құқықтанушыларын, тарихшылары мен сарапшыларын конференцияға белсенді қатысуға шақырды.

ТМД елдері Достастықтың 35 жылдығына арналған мәлімдеме қабылдады.