Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайланған белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловты құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарламасында былай делінген: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады».
Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын қазақстандыққа толайым табыс тіледі.
Тимур Турлов туралы
Айта кетері, 38 жастағы кәсіпкер ірі инвестициялық холдинг Freedom Holding Corp. компаниясын құрған. 2023 жылдан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарып келеді.
FIDE-нің бұрынғы президенті
FIDE-нің бұған дейінгі президенті Аркадий Дворкович ұйымды 2018 жылдан бері басқарған. Алайда Еуропалық Одақтың санкциялық тізіміне енгізілгеннен кейін өз кандидатурасын алып тастады.
Осылайша, Қазақстан өкілі Халықаралық шахмат федерациясын басқаратын болды.
