Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы республикалық экологиялық акция аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.
Іс-шара елордадағы Президент саябағында өтті. Акцияға жастар мен экобелсенділер қатысты.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы — ел аумағында өткізілетін табиғатты қорғау бастамасы.
