Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы ертең Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
