Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын селдің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады», - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасып, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына оралуына тілектестігін білдірді.

Непал мен Тибет шекарасында жойқын су тасқыны болды. Табиғат апатынан қөз жұмғандардың саны 300-ден асып, мыңнан астам адам із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.